Accessibility links

Белсенді Нарымбаевтың көлігі өртенді


Белсенді Ермек Нарымбаев өртенген көлігін көрсетіп тұр. Алматы, 24 қазан 2013 жыл.
Белсенді Ермек Нарымбаев өртенген көлігін көрсетіп тұр. Алматы, 24 қазан 2013 жыл.
Алматыда қоғам белсендісі Ермек Нарымбаевтың көлігі өртенді. Бұл туралы ол Азаттық тілшісіне телефон арқылы хабарлады.

- Кеше банктерге қатысты баспасөз маслихатын өткізгенмін. Үйге түскі сағат екіде келдім. Автокөлік содан бері аулада тұрған. Бүгін түнде, шамамен таңғы сағат төрт жарымдарда маған полиция мен өрт сөндірушілер келіп, көлігімнің өртеніп кеткенін айтты. Машинамның сол жағындағы дөңгелегі түгелдей жаныпты, өрт содан кейін мотор мен салонға көшкен, - деді бейсенбі күні Азаттық тілшісіне Ермек Нарымбаев.

Оның сөзінше, өртеніп жатқан көлікті куәгерлер көріп, өрт сөндіру қызметін шақыртқан. Ермек Нарымбаев Әуезов аудандық ішкі істер бөліміне оқиғаға қатысты арыз жазғанын айтты.

Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының кезекші қызметкері Ермек Нарымбаевтан көлігі өртенгені туралы арыз түскенін растады. Бірақ іс қозғау немесе қозғамау жайы Алматы қалалық өртке қарсы қызметі арнайы сараптама жүргізіп, өрттің неден болғанын анықтаған соң белгілі болмақ.

Белсенді Нарымбаев әзірге ешқандай болжам айтпайды, бірақ «бұл оқиғаны кездейсоқ болды деп те айта алмаймын» дейді.
XS
SM
MD
LG