Accessibility links

"Құмтөр" ісі бойынша екі экс-министр ұсталды


Қырғызстандық зауыт жұмысшысы алтын құймаларына белгі салып жатыр. 14 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Қырғызстандық зауыт жұмысшысы алтын құймаларына белгі салып жатыр. 14 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Қырғызстанда бұрынғы қаржы министрі Болот Абилдаев пен бұрынғы экология және төтенше жағдайлар министрі Темірбек Акматалиев ұсталған.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, бұрынғы қос министрге 1992 жылдан 2009 жылға дейінгі аралықта «Құмтөр» кенішінің жобасы бойынша мемлекетке тиімсіз келісім-шарт жасасқан лауазымды қызметкерлерге қатысты жүргізіліп жатқан тергеу аясында айып тағылған.

Бас прокуратура 2003 жылы «Құмтөр» жобасын қайта құрылымдау кезінде «коррупциялық іс-әрекетке араласқан» деген айыпқа ілінген Абилдаев пен Акматалиевті тұтқындауды сұраған.

Қырғызстанда Ыстықкөл облысында орналасқан «Құмкөл» ірі алтын кенішін канадалық Centerra Gold компаниясы игеріп жатыр. Жергілікті тұрғындар кенішті мемлекет меншігіне алуды талап етіп бірнеше рет наразылық шараларын өткізген.

Соңғы рет 23 қазанда елдің солтүстігіндегі Қызыл Суу қаласында өткен акцияға 800-дей адам қатысқан. Оның алдында, 8-қазанда наразы жұрт Ыстықкөл облысының губернаторы Эмилбек Қаптағаевты бірнеше сағат көлікте кепілде ұстаған еді.
XS
SM
MD
LG