Accessibility links

Грузияда президент сайлауы өтіп жатыр


"Грузия арманы" коалициясының өкілі Георгий Маргвелашвили.
"Грузия арманы" коалициясының өкілі Георгий Маргвелашвили.
Грузияда жексенбі, 27 қазанда президент сайлауы өтіп жатыр.

Елдің орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Эка Азарашвили "дауыс берудің қалыпты жағдайда басталғанын" айтты. Президент сайлауына 23 кандидат түсіп жатыр. Олардың бірі - парламенттің бұрынғы спикері, қазіргі "Дәстүршілдер одағы" партиясының жетекшісі Акакий Асатиани сайлаушыларын экс-спикер, "Біртұтас Грузия" партиясының атынан ұсынылған Нино Бурджанадзеге дауыс беруге үгіттеп, өз кандидатурасын алып тастады.

Бұл сайлауда негізгі бәсеке биліктегі "Грузия арманы" коалициясының атынан түскен Георгий Маргвелашвили, "Біртұтас ұлттық қозғалыс" (қазіргі президент Михаил Саакашвилидің партиясы) өкілі Давид Бакрадзе мен Нино Бурджанадзе арасында болмақ. Егер сайлауға түсіп жатқан кандидаттардың ешқайсысы сайлаушылардың 50 пайыз дауысын ала алмаса, сайлаудың екінші туры өтеді. Грузияда дауыс берген сайлаушылардың төменгі шегі белгіленбеген. Қанша азамат дауыс берсе де сайлау өтті деп саналады.

Жаңа президент сайланған бетте 2010 жылы конституцияға жасалған өзгерістер күшіне енеді. Ол бойынша, негізгі билік премьер-министр қолына шоғырланған. Бірақ кейіннен енгізілген өзгерістер бойынша премьер өкілеттіліктері де шектеліп, парламенттің рөлі күшейтілді. Президент тек сыртқы саясатты жүргізеді.
XS
SM
MD
LG