Accessibility links

Сириядағы топтар: Женева келіссөзіне бармаймыз


Башар Асад күштерімен соғысып жүрген көтерілісші топ өкілдері. Алеппо провинциясы, Сирия. 26 тамыз 2013 жыл.
Башар Асад күштерімен соғысып жүрген көтерілісші топ өкілдері. Алеппо провинциясы, Сирия. 26 тамыз 2013 жыл.
Сириядағы басты көтерілісші топтар қарашада Женевада Сирия президенті Башар Асад билігінің өкілдерімен өтеді деп жоспарланған келіссөздерге қарсы екендерін мәлімдеді.

Жиырмаға жуық исламшыл топ жариялаған мәлімдемеде "Башар Асадтың билігін тоқтата алмайтын, мемлекеттік террорға қатысы барлардың барлығы жазаланбайтын кез-келген келісімге қарсымыз" делінген.

АҚШ, Ресей және БҰҰ қарашада Женевада Сирияда қақтығысып жатқан Башар Асад үкіметі мен оған қарсы күресіп жүрген оппозициялық көтерілісшілер арасында келіссөздер жүргізуге уағдаласқан.

Сириядағы үкімет күштері мен оппозициялық топтардың өзара қарулы күрес жүргізіп жатқанына екі жыл болды. БҰҰ дерегі бойынша, қақтығыстарда қаза тапқандар саны 100 мыңнан асқан.
XS
SM
MD
LG