Accessibility links

Ауғанстанда автобустағы жарылыстан 18 адам өлді


Жанкешті жасаған жарылыстан кейінгі көрініс. Газни уәлаяты, Ауғанстан, 3 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Жанкешті жасаған жарылыстан кейінгі көрініс. Газни уәлаяты, Ауғанстан, 3 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Ауғанстанның оңтүстік-шығысында жексенбіде бейбіт тұрғындар мінген автобуста болған жарылыс салдарынан 18 адам қаза тапқан.

Шағын автобус Газни уәлаятының Андар ауданында жолаушылар алып келе жатқан. Уәлаят басшысының орынбасары Мұхаммед Әли Ахмадидің айтуынша, құрбан болғандар арасында 14 әйел мен бір бала және үш ер кісі бар. Бес адам жараланған.

Жарылысты кім жасағаны және ұйымдастырғаны әзірге белгісіз.

Бұған дейін де осындай жарылыстар "Талибан" бақылайтын Андар ауданында болған еді, оған исламшыл содырлар айыпты деп танылған.

Ауғанстандағы НАТО басқаратын халықаралық қауіпсіздікті сақтау күштері жексенбі күнгі шабуылды айыптап мәлімдеме жасады.
XS
SM
MD
LG