Accessibility links

Кісі ұрған ауыл әкімі жұмыстан босатылды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бар билборд. Алматы, 3 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бар билборд. Алматы, 3 сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
"Қостанай облысы Жангелді ауданы Қалам-Қарасу ауылдық округінің әкімі, әйел адамды соққыға жыққан Қанатбай Тұрмағанбетов қызметінен кетті" деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

Шенеунік Жангелді ауданы әкімдігінің тәртіптік кеңесінің бұйрығымен, «қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін» жұмыстан босатылған.

2013 жылы 31 қараша күні тәртіптік кеңес аудан әкіміне ауыл шенеунігіне сөгіс жариялау туралы кеңес берген еді. Алайда ауыл әкімінің ісі сотқа жеткеннен кейін тәртіптік кеңес мәселені қайта қараған. Сот Қанатбай Тұрмағанбетовке «адам денсаулығына жеңіл зардап келтірді» деген айып тақты.

Оқиға 2013 жылы қазан айында болған. Әйел Қалам-Қарасу ауылы әкімдігінің жанына орнатылған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті ілінген билбордты фотоға түсірген. Бұдан соң әкім әйелді кабинетіне шақырып, суретті не үшін түсіргенін сұрап, бірнеше рет ұрған. Сарапшы қорытындысында "жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зардап келгені - миы шайқалып, денесіне жарақат түскені" жазылған.
XS
SM
MD
LG