Accessibility links

Әзербайжанда оппозиция өкілдері соты басталды


Оппозиция өкілдері соты өтіп жатқан ғимарат маңына жиналғандар. Әзербайжан, 5 қараша 2013 жыл.
Оппозиция өкілдері соты өтіп жатқан ғимарат маңына жиналғандар. Әзербайжан, 5 қараша 2013 жыл.
Әзербайжанда 2013 жылы ақпанда Исмаиллы ауданында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыппен тұтқындалған «Муссават» партиясының жетекшілері Илькар Маммадов пен Тофик Якбулудың соты басталды.

23 қаңтарда мыңдаған тұрғын осы аудан басшысының отставкаға кетуін талап етіп көшеге шықты. Олар губернатордың резиденциясын, бірнеше көлікті, қонақ үйді өртеп жіберген. Маммадов пен Якбулу келесі күні Исмаиллыға келіп, елді азаматтық мойынсұнбауға шақырған.

Азаттықтың Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, сот жүріп жатқан ғимарат маңына 200 шамалы адам жиналған, сот залы полицейлерге толы болған.

Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы директорының Еуропа және Орталық Азия бойынша орынбасары Рейчел Денбер Әзербайжан билігінен оппозиция өкілдерін дереу босатуды талап етті.
XS
SM
MD
LG