"Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысы мүшелері Алматыда жиын өткізіп, үкіметке "банктердің ипотекалық несие беру бағдарламасын қайта қарайтын комиссия құру" туралы талап қойды. Олар комисия құрамында үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялар, ақпарат құралдары мен банктер өкілдері, депутаттар болуын қалайды.
Қозғалыстың бірнеше мүшесі он шақты күннен бері аштық жариялап жатыр. Олар "Астанаға кеткен қозғалыс басшысы Есенбек Өктешбаев президент әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімовпен кездессе, өтінішіміз орындала ма" деп үміттенеді.
Бүгін "борышкерлер құқығын қорғаймыз" дейтін тағы бір ұйым банктерге меморандум жасау жайлы ұсыныс айтты. Олар әлеуметтік жағдайы нашар борышкерлердің негізгі қарызын 50 пайызға дейін азайтуды талап етеді. Ұйым жетекшісі Сұлубике Жақсылықованың сөзінше, төрт банк ("Нұрбанк", "Цесна банк", "Сбербанк" және "Астана-финанс") бұл меморандумға келісетіндерін айтқан.
Бұл қозғалыстардың мүшелері қаржы дағдарысы кесірінен жұмыстары мен бизнестерінен айырылғанын айтып, банктерден несие шартын жеңілдетуді сұрайды.