Accessibility links

Арменияда ұлтшылдар полициямен қақтығысты


Еревандағы қақтығыс
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:11 0:00
Жүктеп алу

Армениядағы шеруге шыққан ұлтшылдар мен полиция арасындағы қақтығыс. Ереван, 5 қараша 2013 жыл.

Ереванда Армения президентінің резиденциясына бармақ болған ондаған ұлтшыл мен полиция арасында қақтығыс болды. Оқиға барысында кемінде 37 адам ұсталғаны хабарланды.

Арменияның "Цегакрон" ұлтшылдар қозғалысының жетекшісі Шант Арутюнянның жақтастары Ереван орталығындағы Маштоц даңғылының бойымен жүріп өтпек болған. Бұған дейін пікірлестерімен бірге елде «революция жасап», президент сарайын «жарып жіберу» туралы мәлімдеген Арутюнянның өзі де ұсталған.

Маштоц даңғылын полиция бақылауға алған. Билік орындары қақтығыс салдарынан көптеген полицей зардап шеккен деп хабарлады. Ауруханаға түскен 18 адамның арасында сегіз полицей мен 16 жастағы бір жасөспірім бар.
XS
SM
MD
LG