Accessibility links

Саян Хайыров 11 жылға сотталды


Айыпталушы Саян Хайыров сотта отыр. Алматы, 1 қараша 2013 жыл.
Айыпталушы Саян Хайыров сотта отыр. Алматы, 1 қараша 2013 жыл.
Алматының Алмалы аудандық соты терроризмге байланысты айыпталған Саян Хайыровты 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды деп хабарлады сот залынан Азаттық тілшісі.

Сот 38 жастағы Саян Хайыровты қылмыстық кодекстің «терроризм», «адам ұрлау», «заңсыз қару-жарақ жасау мен оқ-дәрі сақтау», «мемлекеттік шекарадан заңсыз өту» баптары бойынша айыпты деп таныды.

Сот процесі барысында Хайыров өзіне тағылған айыптардан тек Қазақстаннан Қырғызстанға барғанда мемлекеттік шекарадан заңсыз өткенін ғана мойындады.

Бұған дейін прокуратура өкілі айыпкерге 12 жылға бас еркіндігінен айыру жазасын тағайындауды сұраған еді.

2012 жылы күзде Алматы маңында кісі қолынан қаза тапқан 11 адамның өліміне қатысты билік орындары Батыс Қазақстан облысының тумасы Саян Хайыров пен Жамбыл облысының тумасы Зауырбек Ботабаевқа қылмыстық іздеу жариялаған еді. 2013 жылы Қырғызстанда тұтқындалған Саян Хайыров кейін Қазақстанға қайтарылған.
XS
SM
MD
LG