Accessibility links

Өзбек босқынын қайтарғаны үшін Ресейге айыппұл салды


Страсбургте орналасқан Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотының ғимараты.
Страсбургте орналасқан Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотының ғимараты.
Өзбекстандық босқынды отанына қайтарғаны үшін Ресей оның пайдасына 40 мың еуро төлеуі тиіс. Страсбургте орналасқан Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты осындай шешім шығарды. Онда Ресей билігінің «баспана сұраған өтініш иесін басына төнген азаптау қаупінен қорғамағаны, оны Өзбекстанға мәжбүрлеп экстрадициялауға жол бергені» айтылған.

Өзбекстанда діни экстремизм айыбы тағылып, қуғынға ұшыраған Азаматжон Ермаков 2009 жылы жазда Ресейге қашып барған. Сол жылы қараша айында Өзбекстан құқық органдарының сұрауы бойынша Ресей полициясы оны ұстап, қамаған. Ресей абақтысында отырған Ермаков Өзбекстанда өзіне азаптау қаупі төніп тұрғанын айтып Страсбургтегі сотқа шағым түсірген.

2010 жылы қыркүйекте Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты Ресей билігіне босқынды Өзбекстан билігіне бермеу туралы хат жіберген. Бірақ 2012 жылы қарашада Ресей Ермаковты отанына экстрадициялап, Өзбекстанға жетісімен ол тұтқынға алынған.

Ермаков өзіне «конституциялық құрылысты құлатпақ болған» деп Өзбекстан билігі таққан айыпты мойындамайтынын мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG