Accessibility links

Филиппинде тайфуннан үш адам қаза болды


«Хайян» тайфуны Филиппин жағалауына жетті. 8 қараша 2013 жыл.
«Хайян» тайфуны Филиппин жағалауына жетті. 8 қараша 2013 жыл.
Филиппинге сағатына 300 километрден астам жылдамдықпен жеткен «Хайян» тайфуны салдарынан үш адам қаза болғаны хабарланды.

Мамандар әлемдегі ең сұрапыл дауылға теңеп отырған тайфун күшінен Лейте және Самар аралдарында теңіз жағалауына жақын маңда биіктігі бес метрлік толқындар пайда болды.

Қатты дауылдан әуе және паром қатынасы тоқтап, бірқатар аймақтармен байланыс үзілді, дауыл кейбір жерлерде үйлердің шатырын жұлып әкетті. Жүздеген мың адам қауіпсіз орындарға көшірілді.

Елдің орталық аймақтарында мекемелер, мектептер мен дүкендер жабылды. Қарулы күштер мен төтенше қызмет өкілдеріне құтқару жұмыстарына кірісуге дайын болуы ескертілді.
XS
SM
MD
LG