Accessibility links

Алматыда үш адам өмір бақи түрмеге кесілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ихбол Турдиев, Ерлан Мамреев пен Бақытжан Мұқажанов өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілді. Бұлардың "төрт адамды өлтірген қылмысы дәлелденді" деп тапқан сот айыпкер үшеудің мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін сот процесінде прокуратура өкілі айып тағылған үш азаматқа өмірлік түрме жазасын белгілеуді сұраған. Айыпкерлердің барлығы да сот барысында өздеріне тағылған айыпты мойындаған.

2013 жылы маусым айында Алматыдағы пәтерлердің бірінде төрт адамның мәйіті табылған еді. Үйіне келгенде төрт бірдей жақыны - 3 және 7 жастағы екі баласы, жүкті әйелі мен балдызы кісі қолынан мерт болғанын көрген күйеуі полицияға хабар берген. Үй иесі пәтерден ақша мен қымбат заттар сақталған сейф жоғалғанын байқаған.

Полиция қала көшелерінің бірінде күдікті үш адамды – Өзбекстан азаматы Ихбол Турдиевты, қазақстандық Ерлан Мамреев пен Бақытжан Мұқажановты ұстап, ұрланған сейфті тапқан.

Кейін анықталғандай, Ихбол Турдиев бұрын пәтер иесіне жалданып, ол үйде жөндеу жұмыстарын атқарған.
XS
SM
MD
LG