Accessibility links

Пабло Неруданың сүйегінен у белгісін таппады


Чили ақыны әрі дипломат Пабло Неруда.
Чили ақыны әрі дипломат Пабло Неруда.
Чилидің танымал ақыны әрі саясаткері болған Пабло Неруданың сүйегіне сараптама жүргізген мамандар «оның уланып қайтыс болғанын дәлелдейтіндей айғақ табылмағанын» мәлімдеді.

Чили және шетел мамандарынан құралған топ жұма күні жариялаған сараптама қорытындысында ақынның сүйегіне жасалған тексеру барысында тек онкологиялық ауруларды емдеуге арналған дәрілердің ізі табылғаны айтылған.

Әдебиет саласы бойынша 1971 жылы Нобель сыйлығының иегері атанған Пабло Неруда 1973 жылы Чилиде әскери төңкерістің нәтижесінде билікке Аугусто Пиночет келген соң бірнеше күннен кейін Сантьяго ауруханасында қайтыс болған еді.

Дәрігерлердің ресми қорытындысында оның рак ауруынан қайтыс болғаны айтылды. Ақынның жақтастары оның өліміне әскери хунтаның қатысы болуы мүмкін деп сезіктеніп келді.

2011 жылы жазда Неруданың көмекшісінің талабы бойынша Чили билігі Неруданың өліміне қатысты зерттеу жүргізу туралы шешім қабылдап, 2013 жылы сәуірде марқұмның сүйегіне эксгумация жасалынған.
XS
SM
MD
LG