«Әл-Қаида» террорлық ұйымының басшысы Айман әл-Зауахири Сириядағы «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» тобы таратылғанын мәлімдеді.
Жұма күні «Әл-Жазира» телеарнасы жариялаған аудиотаспаға жазылған үндеуінде әл-Зауахири Сириядағы билікке қарсы «Әл-Нусра майданы» қарулы тобы - «Әл-Қаиданың» сол елдегі «бірден бір бөлімі» екенін айтқан.
Бұған дейін маусым айында «Әл-Жазира» телеарнасы әл-Зауахиридің хаты туралы хабарлаған еді. Онда хат авторы «Әл-Қаиданың» Ирактағы жетекшісі Әбу Бакр әл-Бағдади ұйым басшылығының келісімін алмай «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» тобын өзі құрып, қателік жасағаны» туралы жазған.
«Әл-Қаида» ұйымы мен оның түрлі бөлімдері бірнеше елде әрекет етеді. Көптеген елдерде ірі террорлық шабуылдар жасаған бұл ұйымның бұрынғы басшысы Усама бин Ладен 2011 жылы мамыр айында Пәкістанда АҚШ әскери күштерінің арнайы операциясы барысында өлтірілген. Сол жылдың маусым айынан бері «Әл-Қаиданы» Айман әл-Зауахири басқарады.