Accessibility links

Филиппин: дауыл құрбандары 10 мыңнан асты


Құлаған ағаштық қасынан қашып бара жатқан адам. Филиппин, 8 қараша 2013 жыл.
Құлаған ағаштық қасынан қашып бара жатқан адам. Филиппин, 8 қараша 2013 жыл.
10 қарашада Филиппиннің билік өкілдері дауылдан қаза тапқандар 10 мыңнан асқанын хабарлады.

Кеше құрбан болғандар санын Қызыл Крест ұйымы 1 мың 200 адам деп хабарлаған еді. Елдің орталық аймағы - Лейт провинциясында бір тәулік ішінде опат болғандар саны 10 мыңнан асқан. Провинция тұрғындарының 70-80 пайызы зардап шеккен.

Филиппиндегі тайфунның аты - "Хайян". Бұл - тарихтағы ең күшті дауылдың бірі. Желдің жылдамдығы - сағатына 275 километрге, толқындардың биіктігі 5-6 метрге жеткен.
XS
SM
MD
LG