Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Екатеринбургте өтіп жатқан аймақтық ынтымақтастық форумы аясында "21-ғасырдағы екі ел арасындағы қарым-қатынасты айқындайтын стратегиялық құжатқа" қол қойғаны хабарланды. Құжаттың жай-жапсары туралы әзірге айтылған жоқ.
Форум кезінде "Роснефть", "ҚазМұнайГаз" және "ҚазТрансОйл" компанияларының өкілдері Қазақстан территориясы арқылы Қытайға мұнай тасымалдау туралы келісім жасасты. Ресейлік "Газпром" компаниясы мен "ҚазМұнайГаз" өкілдері де трансшекаралық Имашев газконденсаты кенішін игеру туралы келісімге қол қойған.
2012 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты сауда айналымы 22,4 миллиард АҚШ долларына жеткен.
Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақтық ынтымақтастықтың келесі, 11-форумы 2014 жылы Атырауда өтпек.