Accessibility links

ТЖД: Ғарыш аппараты сынықтары зиянды емес


Kazakhstan - regional map of Kyzylorda region. 28May2013
Kazakhstan - regional map of Kyzylorda region. 28May2013
Қызылорда облысынан табылған ғарыш аппаратының сынықтары белгісіз ешқандай қауіп төндірмейді. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Келеговке сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Келеговтің айтуынша, экологтар мен санитарлық эпидемиологиялық станция қызметкерлері жүргізген зерттеулердің нәтижесі ғарыш аппаратының сынықтары қауіпті емес екенін көрсеткен. "Ол сынықтардың қайдан келгенін тек арнайы мамандар ғана анықтай алады" дейді Мұрат Келегов.

Ғарыш аппаратының сынықтары 5 қарашада Қызылорда облысының Қазалы ауданы Қожабақы ауылынан үш километрдей жерден табылған еді. Ол жерді полиция қоршауға алып, арнайы жұмыс комиссиясы құрылған.

Мұрат Келегов ғарыш аппаратының сынықтары ашық аспан астында жатпас үшін Қазалы аудандық полиция бөліміне сақтауға жөнелтілгенін айтады.
XS
SM
MD
LG