Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігін ашу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ресми ақпарат құралдарында жария болды.
Елшілік Вьетнам астанасы Ханой қаласында ашылмақ. Үкіметке елшілікті ашуға қажетті шараларды жүзеге асыру тапсырылған.
Назарбаев бұған қоса Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) Қазақстан елшілігін ашу туралы жарлық шығарған.
Кеден одағын құрған Ресей, Қазақстан және Беларусь бұған дейін Вьетнаммен еркін сауда келісімін жасау мүмкіндіктерін зерттейтін топ құрған.
Қазақстан Вьетнаммен дипломатиялық байланысты 1992 жылы орнатқан.
Қазан айының басында ОАР-де Йоханнесбург халықаралық әуежайынан Преторияға бара жатқан Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай бастаған бірнеше дипломат мінген көлікті қарулы адамдар тоқтатып, бағалы заттарын тартып әкеткен еді.