Accessibility links

Крандағы әйелдер қарсылығы үшінші күнге созылды


Астаналық Сандуғаш Серікбаева мен Ұйым Жолдасбаева шығып алған кран. Астана, 11 қараша 2013 жыл.
Астаналық Сандуғаш Серікбаева мен Ұйым Жолдасбаева шығып алған кран. Астана, 11 қараша 2013 жыл.
Астанада кранға шыққан әйелдер Сандуғаш Серікбаева мен Ұйым Жолдасбаева наразылықтарын бүгін де, үшінші күн жалғастырды. Олар Назарбаев университеті жанындағы құрылыс алаңында тұрған кранға 11 қарашаға қараған түні шыққан еді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгін таңертең Сандуғаш Серікбаеваның телефоны өшіп тұрған. Туыстары оның телефонының қуаты таусылғанын айтады. Туыстарына Серікбаеваға басқа телефон беріп жіберуге кран қасында кезекшілік жасап тұрған әкімдік пен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері рұқсат бермей қойған.

Жер телімдері мен үйлерді "мемлекет меншігіне" алуға қарсы белсенді топ өкілдерінің бірі Әбдірақым Бейсеннің айтуынша, билік өкілдері жергілікті тұрғындардың әйелдерге су мен тамақ көтеріп беруіне де рұқсат бермеген.

Сандуғаш Серікбаева мен Ұйым Жолдасбаева "мемлекет қажетіне керек" деп танылған жер телімдеріне берілетін өтемақы мөлшерімен келіспейді. Олар үйлері орналасқан жер телімдеріне 5 миллион теңге көлемінде өтемақы тағайындаған сот шешімін жоюды талап етеді.

Әйелдердің тоғыз баласымен тұрып жатқан үйлері Назарбаев университеті мен Назарбаев интеллектуалдық мектебінің арасындағы құрылыс алаңында орналасқан.
XS
SM
MD
LG