Accessibility links

Тарихтағы ең қымбат картина сатылды


Фрэнсис Бэконның "Айнадағы көріністі бейнелеу" картинасы аукционда сатылып жатыр. Нью-Йорк, 9 мамыр 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Фрэнсис Бэконның "Айнадағы көріністі бейнелеу" картинасы аукционда сатылып жатыр. Нью-Йорк, 9 мамыр 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Ағылшын суретшісі Фрэнсис Бэконның картинасы аукционда тарихтағы ең қымбат бағаға - 142 миллион 400 мың АҚШ долларына сатылды.

Үш панельден тұратын, 1969 жылы салынған "Люсьен Фрейдтің үш этюды" аталатын картина 12 қараша күні Нью-Йорктегі Кристи аукционында сатылған. Картинаны сатып алған адамның аты-жөні жарияланбады.

Картинада Бэконның досы әрі әріптесі, суретші Люсьенн Фрейд бейнеленген.

Кристи аукционы суретті "Бэкон мен Фрейдтің қарым-қатынасын және екеуінің арасындағы шығармашылық әрі эмоциялық ұқсастықты көрсететін шынайы өнер туындысы" деп атады.

Бұған дейін ең қымбат картина суретші Эдвард Мунктің "Жанайқай" суреті саналып келген. Ол өткен жылы 120 милилон АҚШ долларына сатылған еді.
XS
SM
MD
LG