Accessibility links

Ақ үй Иранға қарсы санкцияны күшейтпеуге шақырды


Джей Карней, Ақ үйдің ресми өкілі. Вашингтон.
Джей Карней, Ақ үйдің ресми өкілі. Вашингтон.
Ақ үй АҚШ конгресін Иранға ядролық бағдарламасына қатысты проблемаларды шешуге дипломатиялық мүмкіндіктер беру үшін жаңа санкциялар енгізбеуге шақырды.

Ақ үйдің ресми өкілі Джей Карнейдің айтуынша, Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізу "соғыс тууы қаупін күшейтуі мүмкін".

Батыс елдері Иран ядролық қару жасауға ұмтылады деп қауіптенеді. Тегеран оны жоққа шығарады. БҰҰ мен АҚШ байытылған уран өндірісін тоқтату туралы талапты орындамағаны үшін Иранға қарсы бірнеше санкция салған еді.

АҚШ конгресі бұған дейін Иранға қарсы осыған дейін салынған санкцияларды қатаңдатып, Иранның мұнай экспортын азайтуға бағытталған заң жобасын мақұлдаған еді.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Тегеран мен "алтылық" елдерінің (АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия) келіссөздер жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG