Accessibility links

16 қарашада Синьцзян (Шыңжаң) провинциясында полиция учаскесіне жасалған шабуылдан 11 адам қаза тапты.

Провинция билігінің хабарлауынша, екі полицей мен шабуыл жасаған 9 адам өлген. Полицияның екі қызмектері жараланған. Билік ақпаратына қарағанда, полиция пунктіне шабуыл Қашқар қаласының маңындағы Бачу округіндегі Серікбұя кентінде жасалған. Шабуыл жасағандардың қолында пышақ пен балталар болған.

Қытайдың бұл аймағының байырғы тұрғындары – этникалық ұйғырлар. Ұйғыр өкілдері көптеген жылдар бойы Пекин саясатына қарсылық танытып келеді. Бұл жылы да Пекинде бір инцидент, провинцияда бірнеше қарулы қақтығыстар болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG