Қазандағы ұшақ апатында қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы жоқ. Бұл туралы Қазақстан сырты істер министрлігі мәлімдеді.
«Қазан қаласындағы Қазақстанның бас консулдығы ұшақ апатынан қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін айтты» делінген министрліктің ресми мәлімдемесінде.
Министрлік дерегі бойынша, ұшақ апатынан қаза тапқан Юрий Бурдин Теміртауда туғанымен, Қазақстан азаматы емес.
Ресей тергеу комитетінің мәліметі бойынша, Татарстан астанасындағы апат болған жерден ұшақтың «қара жәшігі» табылды. Қазір апатқа байланысты тексеріс басталды. Мәскеуде ұшаққа құйылған бензин тексерілуде.
Татарстанда бүгін, 18 қараша «қаралы күн» болып жарияланды.
Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеуінше, Boing 737 ұшағы жексенбі күні кешке әуежайға қонар кезде апатқа ұшыраған. Ұшақ апатынан 50 адам қаза тапқан.