Accessibility links

Әскери прокуратура Миг-31 ұшағы апатының себебін атады


Әскери ұшақ. (Көрнекі сурет)
Әскери ұшақ. (Көрнекі сурет)
Қарағандыда сәуір айында Миг-31 әскери ұшағының апатқа ұшырауына оның Ресейде сапасыз жөндеуден өткені себеп болған. Бұл туралы ресейлік сарапшылардың қорытындысына сүйеніп Қазақстанның бас әскери прокуратурасы хабарлады.

"Ресей сарапшыларының қорытындысы бойынша, апатқа рөлді қозғалтқыштың гайкасын өз бетінше бұрау салдарынан қозғалтқыштың ажырап кетуі себеп болған. Авиациялық апаттарды тергеу комитетінің қорытындысына сай, техникалық ақау мен әуе апаты Ржев қаласындағы "514 авиажөндеу зауытында" ұшақты жөндеу кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ережелердің бұзылуынан болғаны анықталды" делінген прокуратура ақпаратында..

Қарағанды облысында биыл 23 сәуірде жоспарлы түнгі оқу-жаттығуы кезінде Миг-31 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Экипаж катапультпен ұшақтан секіргенімен, экипаж командирі, полковник Марат Едігеев қаза тауып, штурман, майор Руслан Галимзянов ауруханаға түскен.

Қазір Қазақстан тарапынан Ресейдің тиісті орындарына ары қарай тергеу жүргізу және қылмыстық іс қозғау туралы сұрау салу мәселесі қаралып жатқаны хабарланды.
XS
SM
MD
LG