Accessibility links

Бидзина Иванишвили: Саясаттан кетемін


Грузиялық миллиардер, экс-премьер Бидзина Иванишвили.
Грузиялық миллиардер, экс-премьер Бидзина Иванишвили.
Грузиялық миллиардер, бұрынғы премьер-министр Бидзина Иванишвили кеше Тбилисиде өткен партия съезінде саясаттен кететінін мәлімдеді.

"Мен саясаттан кетемін, бірақ қоғамның белсенді мүшесі болып қала беремін" деді ол.

Иванишвили Грузияның министрлер кабинетін 2012 жылдың қарашасынан президент Георгий Маргвелашвили қызметіне кіріскенге дейін басқарған. Ол саясатқа 2011 жылы қазанда келіп, оппозициялық "Грузия арманы" партиясын басқарды. Оның партиясы парламент сайлауында экс-президент Михаил Саакашвилидің "Біртұтас ұлттық қозғалыс" партиясымен бәсекеге түсті. Сайлау кезінде Иванишвили тек бір жыл ғана премьер-министр болатынын айтқан еді.

Саясаттан кететін жария еткен Иванишвили енді "Грузия арманы" партиясындағы құрметті төраға қызметін де тапсыруы тиіс.

Кейбір сарапшылар Иванишвили елдің саяси өміріне әлі де араласа береді деген болжам айтады.
XS
SM
MD
LG