Accessibility links

Қырғызстанда наразылар Ош-Иркешем жолын жапты


Наразылар Ош-Иркешем тас жолын жапты. Ош облысы, Қырғызстан, 25 қараша 2013 жыл.
Наразылар Ош-Иркешем тас жолын жапты. Ош облысы, Қырғызстан, 25 қараша 2013 жыл.
Бүгін Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысында оппозициялық "Ата Жұрт" партиясының депутаты Ахматбек Келдібековті қамаудан босатуды талап еткен жүздеген адам Қытайға баратын Ош-Иркешем тас жолын жапты.

Келдібеков "әлеуметтік қор мен салық қызметінің басшысы болып тұрған кезде жасалған алаяқтықтарға қатысы бар және қызметін теріс мақсатта пайдаланды" деген айыппен өткен аптада тұтқындалған еді.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Ош-Иркешем жолында акцияға қатысушыларға арналған үш киіз үй тігілген.

2010-2011 жылдары Қырғызстан парламенті спикері болған Ахматбек Келдібековті қамаудан босатуды талап еткен акциялар өткен аптада Бішкек пен Ошта өткен.

"Ата Жұрт" партиясының жетекшісі Камчыбек Ташиев "Келдібековті тұтқындаудың саяси астары бар" деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG