Accessibility links

Ақтөбеде ұсталған 25 адам 15 күнге қамалды


Ақтөбенің мамандандырылған әкімшілік сотына жиналған айыпталушылардың туыстары. 25 қараша 2013 жыл.
Ақтөбенің мамандандырылған әкімшілік сотына жиналған айыпталушылардың туыстары. 25 қараша 2013 жыл.
Ақтөбенің мамандандырылған әкімшілік соты 25 қарашада орталық базар маңында ұсталған 25 адамды 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

Сот таратқан хабарламада ұсталған 25 адамға "23 қарашада орталық базардың кіреберісінде төбелес ұйымдастырып, заңсыз іс-әрекеттерін тоқтату туралы полицияның заңды талабына қасақана бағынбай қарсылық көрсеткені" үшін әкімшілік кодекстің 355-бабы 2-бөлімі бойынша айыпты деп танылғаны айтылған.

Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ, жауапқа тартылғандар 10 күн ішінде шағым түсіре алады.

Бұған дейін Азаттық хабарлағандай, 23 қараша күні күндіз Ақтөбенің орталық базарында ұялы телефон мен оның керек-жарағын сататын 70-ке тарта адамды арнайы жасақ сарбаздары ұстап әкеткен еді. Облыстық ішкі істер департаменті олардың базарда болған жанжалға қатысты ұсталғанын хабарлады. Туыстары қамалған азаматтардың көпшілігі дін ұстанатындар екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG