Accessibility links

Иракта өлімге кесілгендер жазасы орындалды


Иракта 11 адамның өлім жазасы орындалды. France Press агенттігінің Ирактың әділет министрлігіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, өлім жазасы өткен жексенбі, 24 қарашада орындалған.

Агенттіктің дерегі бойынша, Иракта тек 2013 жылдың өзінде ғана 162 осындай жазамен бақилық болған.

Шетелдік дипломаттар Иракта өлім жазасына кесілгендер саны әлі көбейе беруі мүмкін деп қауіптенеді. Олардың пікірінше, ел үкіметі келесі жылы 30 сәуірде өтетін парламент сайлауы қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз етумен "тиімді" айналысып жатқанын көрсетуге тырысады.

БҰҰ, Еуропа Одағы мен құқық қорғау ұйымдары Иракта өлім жазасына кесілгендердің көбейгенін айыптайды.
XS
SM
MD
LG