Accessibility links

Куба АҚШ-тағы өкілдігін жапты


Куба азаматының паспортын көрсетіп тұрған әйел. (Көрнекі сурет)
Куба азаматының паспортын көрсетіп тұрған әйел. (Көрнекі сурет)
Куба АҚШ-тағы мүдделерімен айналысатын өкілдігінің қызметін тоқтатты. Оған осы өкілдіктің қызметіне қатысты қаржылық операцияларды жүргізуге бір де бір банктің құлық танытпағаны себеп болған. Бұл туралы кеше Куба үкіметі хабарлады. Үкімет мұндай жағдай АҚШ-тың Кубаға қарсы экономикалық блокада қоюынан туындап отыр деп санайды.

Биыл жазда америкалық M&T банкі Кубаның АҚШ-тағы дипломатиялық миссиясына қызмет көрсете алмайтынын ескерткен еді. Содан бері Куба өкілдікке қызмет көрсететін басқа банк таба алмаған.

АҚШ-тағы өкілдіктің қызметі тоқтатылса, Кубаға баруға ықылас білдірген америкалықтар виза ала алмайды. Ал АҚШ-тағы паспорт мерзімі аяқталған кубалық азаматтар құжат мерзімін создыра алмайды.

АҚШ-тың Кубаға қарсы 1960 жылдары салған блокадасына және екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың үзіліп қалғанына қарамастан соңғы жылдары Кубаға баратын америкалықтардың саны артқан еді. Кубаға негізінен сол елден шыққан америкалықтар барады. Бірақ АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігінің екі ел арасында азаматтар алмасу бағдарламасы аясында Кубаға басқа да салалардың өкілдері бара алады.

АҚШ мемлекеттік департаменті әзірге Кубаның шешіміне қатысты ешқандай түсінік бермеді.
XS
SM
MD
LG