Accessibility links

Алматыда медиа құрылтай өтіп жатыр


Алматы қаласының картасы.
Алматы қаласының картасы.
Бүгін Алматыда қазақстандық ақпарат құралдары нарығын дамытуға арналған жыл сайынғы 6-медиа құрылтай басталды.

Биылғы құрылтайдың басты тақырыбы - "Трансформация: контент, технология және монетизация" деп аталады. Құрылтайда ақпарат құралдарында технологияларды дамыту, аудитория талғамының өзгеруі, жарнама бюджетіне қатысты мәселелерін талқылау жоспарланған.

Құрылтайға республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері, мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, зерттеу және талдау жасау орталықтарының, қазақстандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысып жатыр.
XS
SM
MD
LG