Accessibility links

Мешімбаеваның соты 4 желтоқсанда басталмақ


Қазақстанның статистика агенттігінің бұрынғы жетекшісі Анар Мешімбаеваға іздеу жарияланғаны туралы Қазақстан қаржы полициясының ресми сайтындағы (finpol.kz) ақпараттан скрин-шот.
Қазақстанның статистика агенттігінің бұрынғы жетекшісі Анар Мешімбаеваға іздеу жарияланғаны туралы Қазақстан қаржы полициясының ресми сайтындағы (finpol.kz) ақпараттан скрин-шот.
Қазақстан статистика жөніндегі агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваның ісі бойынша сот 4 желтоқсанда басталады. Бұл туралы Астана қалалық сотына сілтеме жасап Tengrinews сайты хабарлады.

"Мешімбаеваның ісі бойынша сот отырысы Есіл аудандық №2 сотында судья Ақмарал Исаеваның төрағалығымен өтеді" делінген сот баспасөз қызметінің хабарламасында.

2010 жылы қаңтарда Қазақстанның экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) «2009 жылдың ақпан және наурыз айларында жүргізілген халық санағы кезінде бюджет қаржысын жымқырған» деген айып бойынша Мешімбаеваның үстінен іс қозғап, прокуратура оған іздеу жариялаған.

Мешімбаева 2013 жылы 6 ақпанда Мәскеуде ұсталып, қыркүйектің 7-сі күні Қазақстанға экстрадицияланған.

Анар Мешімбаева 2009 жылы күзде халық санағына қатысты дау туындаған соң Қазақстанның статистика жөніндегі агенттігінің төрайымы қызметінен отставкаға кеткен еді.
XS
SM
MD
LG