Accessibility links

Қырғызстан: Кеден одағымен ұстанымдарымыз үйлеспей тұр


Қырғызстан экономика министрі Темір Сариев.
Қырғызстан экономика министрі Темір Сариев.
Қырғызстан экономика министрі Темір Сариев Бішкектің Кеден одағына (КО) кіруінде кейбір қайшылықтар барын мәлімдеді. Азаттықтың Қырғыз қызметіне берген сұхбатында ол "Кеден одағы ұсынған жол картасы Қырғызстанмен келісілмегенін" айтты.

"Қарашаның 19-ы күні Мәскеуде Ресей, Қазақстан және Беларусь өкілдерінен құралған арнайы комиссия Қырғызстанның Кеден одағына кіруіне арналған жол картасын ұсынды. Ол жол картасы Қырғызстанмен келісілмеген және жоба біз ойлағаннан мүлдем бөлек болып шықты. Қырғызстан өз ұстанымдарынан бас тартпайды және оларды өзгертпейді. Біз шарттарымызды КО елдеріне өте түсінікті етіп айтқанбыз. Қырғызстан Кеден одағына сол кезде қойған шарттары орындалғанда ғана кіреді. Олай болмаған жағдайда, Қырғызстанның Кеден одағына қосылуы екіталай" деді қырғыз министрі.

Қыркүйектің соңында Астанада өткен Еуразия экономикалық кеңесінде Қырғызстан премьер-министрі Жантөре Сатыбалдиев өз елінің Кеден одағына кіруге дайын екенін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG