Accessibility links

Янукович ЕО басшыларымен кездесуі мүмкін


Украина президенті Виктор Янукович. Киев, 26 қараша 2013 жыл.
Украина президенті Виктор Янукович. Киев, 26 қараша 2013 жыл.
Украина президенті Виктор Янукович Еуропа одағы (ЕО) басшыларымен кездесуі мүмкін. Янукович осыдан бірер күн бұрын "Украина ЕО-мен ассоциация туралы келісімге қол қоюға дайын емесін" айтқан еді.

Янукович бүгін Литва астанасы Вильнюсте ашылатын ЕО-ның "Шығыс ынтымақтастығы" саммитінің қонақасына қатысады деген болжам бар.

Украина әуелде осы саммитте ЕО-мен еркін сауда айналымы және саяси ассоциация туралы келісімге қол қоюды жоспарлаған. Бірақ Янукович "кейін ЕО жеткілікті қаржылай көмек ұсынбады" дейді. Өз кезегінде ЕО Украинаға құқықтық және демократиялық реформалар жасау туралы талаптар қойған.

ЕО-ның Киевке қойған шарттарының бірі - түрмеде сырқатқа ұшыраған экс-премьер Юлия Тимошенконың шетелде емделуіне рұқсат ететін заңды қабылдау болған еді. Бірақ Украина билігі бұл талаптарды орындамай, ЕО-мен келісімнің орнына Ресей және Кеден одағы елдерімен экономикалық байланыстарды дамытатынын мәлімдеген.

Билік шешіміне наразы болған мыңдаған украиндық үкіметке қарсы ауқымды наразылық шерулерін өткізді. Оппозиция шерулеріне студенттер де қосылды.

"Шығыс ынтымақтастығы" бастамасына Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Молдова және Украина кіреді.
XS
SM
MD
LG