Accessibility links

Жаңаөзенде 2 жұмысшы уланып қайтыс болды


Жаңаөзендегі «Кезби» компаниясының екі жұмысшысы уланып қайтыс болды. Тағы 26 жұмысшы ауруханаға түсті. 25 қарашада болған оқиға туралы бүгін, бейсенбі күні хабарланды.

Бұл туралы мәліметті Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

"Кезби" компаниясының логистика және келісімшарттар бөлімінің бастығы Ербол Кезбаев Азаттыққа бұл жайтты растағанмен нақты ақпар беруден бас тартты.

- Уланудың себебі анықталып жатыр. Оны ресми орындар айтсын, - деді ол.

Маңғыстау облыстық санитарлық - эпидемиология бақылау департаментінің бастығы Марал Қадырдың мәлімдеуінше "кәсіпорында тексеру жұмыстары жүріп жатыр».

Қазір Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Жаңаөзенде жүр. Жаңаөзен қаласы прокурорының орынбасары Талғат Шалабайұлы Азаттық тілшісіне ақпарат беруден бас тартты.

«Кезби» мекемесі «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай ұңғымаларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысады.


AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG