Қырғызстан парламентінің бұрынғы төрағасы Акматбек Келдібековті қамаудан босатуды талап еткен мыңдаған адам бүгін Ош облыстық әкімшілігінің ғимаратын басып алуға әрекет жасады. Милиция оларды ғимарат алдынан ығыстырып тастаған.
Ош облысының тумасы Акматбек Келдібеков «әлеуметтік қор мен салық қызметінің басшысы болып тұрған кезде жасалған алаяқтықтарға қатысы бар» және «қызметін теріс мақсатта пайдаланды» деген айыптармен өткен айда тұтқындалған еді.
Оның адвокаты Татьяна Чилникина Азаттықтың Қырғыз қызметіне, бүгін Бішкек қалалық соты Келдібековты 19 қаңтарға дейін қамауда ұстау туралы бұған дейін аудандық сот шығарған шешімді күшінде қалдырғанын хабарлады.
«Ата Жұрт» оппозициялық партиясының парламенттегі фракциясының мүшесі болған Акматбек Келдібеков 2010-2011 жылдары Қырғызстан парламенті спикері қызметін атқарған. «Ата Жұрт» партиясының жетекшісі Камчыбек Ташиев «Келдібековті тұтқындаудың саяси астары бар» деп мәлімдеген.