Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон бүгін Қытайға үш күндік сапарын бастады.
Бұл жолы онымен бірге британ үкіметінің алты министрі мен жүзден аса кәсіпкер еріп барған.
Сапардың негізгі мақсаты – екі мемлекет арасында бизнес саласындағы әріптестікті кеңейтіп, сауда байланыстарын нығайту. Сонымен бірге британ тарабы бұл сапарында Кэмеронның «бүкіл саяси күш-жігерін» Қытай мен Еуропа Одағы елдері арасындағы сауда қатынастарын ырықтандыру туралы келісімді ілгерілетуге жұмсайтынын мәлімдеген.
Былтыр мамырда Дэвид Кэмерон Тибеттің қуғындағы рухани жетекшісі Далай-Ламаны қабылдаған соң Пекин мен Лондон арасында қатынастарға кірбің түскен еді. Қытай билігі Далай-Ламаны Тибеттегі жікшілдікті қолдайды деп айыптайды.