Шотландияның Глазго қаласында тікұшақ апаты болған жерден тағы бір адамның денесі табылған соң қаза болғандардың саны тоғызға жетіп отыр.
Апат болған жерде іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Төтенше оқиға салдарынан отыздан аса адам жарақат алған. Би-Би-Си апат салдарынан зардап шеккен 12 адамның ауруханада жатқаны туралы хабарлады.
Екі полиция қызметкері мен ұшқыш отырған тікұшақ жұма күні кешке Глазгодағы Клайд өзенінің жағалуында орналасқан «Клута» пабының (сырахана) шатырына құлап түскен еді. Тікұшақтағы үш адамға қоса пабта болған жүзден аса адамның алтауы мерт болған.