Accessibility links

Tatarstan Airlines басшысы қызметтен босатылды


Tatarstan Airlines компаниясының бас директоры Аксан Гиниятуллин.
Tatarstan Airlines компаниясының бас директоры Аксан Гиниятуллин.
Татарстан транспорт министрлігінің хабарлауынша, Қазан қаласында ұшағы апатқа ұшыраған Tatarstan Airlines компаниясының бас директоры Аксан Гиниятуллин қызметінен босатылған.

Қарашаның 17-сі күні компанияның Мәскеуден ұшып келе жатқан "Боинг 737" ұшағы Қазан әуежайына қона алмай, апатқа ұшыраған еді. Апат салдарынан ұшақ ішінде болған 50 адамның барлығы қаза тапқан.

3 желтоқсанда Ресей федералдық әуе транспорты агенттігінің Татарстандағы департаментінің басшысы Шавкат Умаров ұшақ апатына өзі жауапты екенін айтып, отставкаға кеткен еді.

Алдын-ала тергеу деректеріне қарағанда, апатқа пилоттың қателігі себеп болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG