Accessibility links

Таулы Қарабах келіссөзі жалғасады


Таулы Қарабах аймағының картасы. Көрнекі сурет.
Таулы Қарабах аймағының картасы. Көрнекі сурет.
Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері даулы Таулы Қарабах мәселесін реттеу туралы келіссөздерді алдағы апталарда жалғастыруға келісті.

Әзербайжан сыртқы істер министрі Эльмар Мамедьяров пен Армения министрі Эдуард Налбандян кеше Киевте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдер министрлерінің жиыны аясында кездескен.

Осыдан екі апта бұрын Венада Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения президенті Серж Саргсян кездесіп, мәселені бейбіт реттеуге бағытталған келіссөздер жүргізуге уағдаласқан еді.

1990 жылдары Әзербайжанның армяндар қоныстанған Таулы Қарабах аймағын армян сепаратистері басып алып, дербес аймақ деп жариялаған еді.

Содан бері мәселені дипломатиялық жолмен реттеуге жасалған талпыныстар еш нәтиже берген жоқ. Таулы Қарабах аймағының тәуелсіздігін бір де бір мемлекет мойындаған емес.
XS
SM
MD
LG