Accessibility links

"Скат" ұшағынан ақау шықты


Scat компаниясының жарнамасы. Алматы, 21 ақпан 2013 жыл. Көрнекі сурет.
Scat компаниясының жарнамасы. Алматы, 21 ақпан 2013 жыл. Көрнекі сурет.
"Скат" әуе компаниясының "Шымкент-Стамбул" бағытында ұшатын "Боинг-757" ұшағының навигациялық жүйесінде ақау шықты деп хабарлайды көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің ақпаратына қарағанда, "Боинг-757" ұшағы кесте бойынша 4 желтоқсан күні Шымкент әуежайынан сағат 20.30-да ұшпақ болған. Бірақ ұшақтың навигациялық есептеуіш құралы істен шыққаны анықталып, ақау жөнделгенше рейс үш сағатқа кешіктірілген.

Ұшақта 102 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Қазір болған оқиға тексеріліп жатыр.

Бұл - Қазақстан әуе компанияларының ұшақтарынан ақау шыққан алғашқы оқиға емес. Соңғы бір ай мерзімінде "Эйр Астана" компаниясының ұшақтарынан төрт рет ақау шығып, кестеден кешігіп ұшқан еді.
XS
SM
MD
LG