Accessibility links

Санкт-Петербургте Украинадағы шеруді қолдау шарасы өтті


Киевтің Тәуелсіздік алаңындағы шерулер. Украина, 5 желтоқсан 2013 жыл.
Киевтің Тәуелсіздік алаңындағы шерулер. Украина, 5 желтоқсан 2013 жыл.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында кеше оппозиция өкілдері Украинадағы демонстрацияны қолдау акциясын өткізді.

Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, Санкт-Петербургтің демократиялық белсенділері көшеге "Біз Украина халқымен бірге Еуропаны таңдаймыз", "Путин, Украинадан қолыңды тарт!" деген ұрандар ұстап шыққан. Полиция акцияға кедергі келтірген жоқ, тек плакат ұстаған белсенділерді бақылап қана жүрген.

Жиналғандар Ресей президенті Владимир Путиннің саясатын айыптап, Украинаның Еуропа одағымен интеграциялануын қолдаған пікірлер айтты.

Украинада елдің ЕО-мен келісімге қол қоюын, үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен шерулер әлі жалғасып жатыр. Үкімет үйін демонстранттардың қоршауға алғанына бірнеше күн болды. Киев милициясының басшысы Валерий Мазан егер шерушілер соттың 2 желтоқсанда шығарған үкімет үйін қоршауға алмау туралы шешімін орындамаса, оларға шара қолданатынын айтып ескерту жасады.
XS
SM
MD
LG