Accessibility links

Дағыстанда бес күдікті қаза тапты


Дағыстан картасы. (Көрнекі сурет)
Дағыстан картасы. (Көрнекі сурет)
Ресейдің Дағыстан республикасының батысындағы Хасавюрт ауданында қауіпсіздік күштері арнайы операция кезінде "содыр" деген күдікпен бес адамды өлтірді.

Дағыстан ішкі істер министрлігі өкілдері күдіктілер 5 желтоқсанда қаза тапқанын хабарлады. Операция әлі жалғасып жатыр.

Құқық орындарының ақпаратына қарағанда, Новый Костек ауылы маңындағы траншеяға бекінген күдіктілер тобының 4 желтоқсан күні бір полицейге шабуыл жасап, жаралаған оқиғаға қатысы болуы мүмкін.

Соңғы апталарда Хасавюрт ауданында жүргізілген антитеррористік операциялар барысында бірнеше полицей мен содыр қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG