Accessibility links

Еуропаның солтүстігінде күшті дауыл тұрды


Германиядағы дауыл. 5 желтоқсан 2013 жыл.
Германиядағы дауыл. 5 желтоқсан 2013 жыл.
Еуропаның солтүстік аймақтарында бейсенбіде күшті дауыл тұрып, төрт адам із-түзсіз жоғалды.

Дауылдан Нидерланды, Германия және Ұлыбританияда ондаған ұшақ рейстері кейінге шегерілді. Бірнеше елде теміржол қатынасы тоқтап қалды. Швеция мен Данияны жалғайтын Еуропадағы ең ұзын көпірлердің бірі жабылды. Мыңдаған үй электр қуатынан ажырады.

Құрлықтың кей аймақтарында биік толқындар тұрған. Ұлыбритания мен Нидерланды жағалауына жақын аймақтарды су басу қаупі туындады. Ұлыбританияның шығысындағы Норфолк графтығының Грейт-Ярмут аймағында тұрғындарды көшіріп жатыр. Мұнда соңғы алпыс жылда болмаған толқын тұруы мүмкін деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG