Accessibility links

Манделаның қазасына көңіл айтып жатыр


Нельсон Мандела.
Нельсон Мандела.
Әлем елдерінің басшылары, саяси жетекшілер мен танымал тұлғалар апартеидке қарсы қозғалыстың жетекшісі болған, Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) қара нәсілді тұңғыш президенті Нельсон Манделаның 95 жасында қайтыс болуына орай көңіл айтып жатыр.

5 желтоқсанда ОАР президенті Джейкоб Зума Манделаны Йоханнесбургтегі үйінде ұзаққа созылған науқастан айыға алмай көз жұмғанын естірткен.

АҚШ президенті Барак Обама Манделаның қазасына орай "Біз Нельсон Мандела сияқты тұлғаны енді қайта көре алмаймыз. Сондықтан біз оның қалдырған үлгісі бойынша жеккөрушілікке емес, сүйіспеншілікке құрылған шешімдер қабылдауымыз қажет. Қазір тарих тегершігін өз қолына алып, әлемді әділеттілікке бастаған Нельсон Манделадай адамның өмір сүргеніне рақмет айтқанымыз жөн" деді.

Өмірін қара нәсілділердің тең құқықты болуы жолындағы күреске арнаған Нельсон Мандела 27 жыл түрмеде отырды. 1990 жылы түрмеден шыққан соң ол елдегі апартеид жүйесін жоюға кірісіп, Нобель сыйлығын алды. Ол 1994 жылы демократиялық жолмен ОАР-дың тұңғыш қара нәсілді президенті болып сайланды.

Манделаның апартеид режимі аяқталған соң елді азамат соғысынан аман алып қалуға қосқан үлесі ерекше бағаланады.
XS
SM
MD
LG