Accessibility links

Назарбаев ОАР президентіне көңіл айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нельсон Манделаның қайтыс болуына байланысты Оңтүстік Африка республикасының президенті Джейкоб Зумаға көңіл айтып жеделхат жолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әлемге танымал президент Нельсон Мандела – өзінің бүкіл өмірін кемсітушілік пен апартеидке қарсы күреске арнаған, жаңа демократиялық және зайырлы мемлекеттің құрушысы болған ержүрек күрескер. Оның өнегелі өмірі әлемнің көптеген халқын өздерінің бостандығы үшін күреске жігерлендіріп, азаматтарының жүректеріне үміт отын ұялатты. Бұл кемеңгер тұлғаның жарқын бейнесі Африка халықтарының ұлт-азаттық күресі мен тәуелсіздігінің символы ретінде адамзат тарихында мәңгі сақталатыны шүбәсіз» делінген жеделхатта.

Назарбаев Қазақстан халқы мен жеке өз атынан Оңтүстік Африка халқына қайғыларына ортақтастығын білдірген.

20 ғасырда Оңтүстік Африка республикасында апартеидке қарсы қозғалыстың жетекшісі болған, өмірінің 27 жылын түрмеде өткізген, ОАР-дің қара нәсілді тұңғыш президенті Нельсон Манделаның қайтыс болғаны туралы 5 желтоқсанда ОАР президенті Джейкоб Зума жұртшылыққа хабарлаған.

95 жасында дүниеден өткен Нельсон Манделаны жерлеу рәсімі 15 желтоқсанда өтеді.
XS
SM
MD
LG