Грекия парламенті үкімет ұсынған 2014 жылға арналған мемлекеттік бюджет жобасын мақұлдады.
Сенбі күні парламентте өткен дауыс беру барысында консерваторлар мен социалистер коалициясы ұсынған жобаны 153 депутат қолдап, 142 депутат – қарсы дауыс берген. Премьер-министр Антонис Самарас 2014 жылы Грекия экономикасы соңғы алты жыл бойы жалғасқан рецессиядан кейін алғаш рет 0,6 пайызға өседі деген болжам айтады.
Бірақ бюджет жобасы енді кредиторлар үштігі – Еуропа Одағы, Еуропалық орталық банк пен Халқаралық қаржы қоры мақұлдауынан өтеуі керек. Кіріс және шығыс бөлігіне қатысты олардың өз ұстанымы бар дейді талдаушылар. Құжатты кредиторлармен талқылаудың қиын болатынын Самарас та мойындайды.
Грекия дефолт қаупінен құтылу үшін бұған дейін сыртқы кредиторлардан 240 миллиард еуродан астам қарыз алған.