Accessibility links

Иран мен Ауғанстан ұзақ мерзімді келісім жасамақ


Ауғанстан президенті Хамид Карзай (сол жақта) мен Иран президенті Хассан Роуханидің кездесуі. Тегеран, 8 желтоқсан 2013 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай (сол жақта) мен Иран президенті Хассан Роуханидің кездесуі. Тегеран, 8 желтоқсан 2013 жыл.
Иран мен Ауғанстан саяси, экономикалық және қауіпсіздік саласына арналған "ұзақ мерзімдік әріптестік" келісіміне қол қоятын болды. Бұл туралы Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың 8 желтоқсанда Тегеранда Иран президенті Хассан Роуханимен кездесуінен кейін белгілі болды.

Карзай әкімшілігі таратқан ақпаратқа қарағанда, Карзай мен Роухани "ұзақ мерзімдік достық және әріптестік байланыс орнатуға" кепілдік беретін келісім қажет екенін айтқан.

Хамид Карзайдың сапарының алдында АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель Ауғанстанға екі күндік сапармен барған еді. Ауғанстан мен АҚШ арасында америкалық әскерилердің 2014 жылдан кейін де ауған жерінде қалуын қарастыратын қауіпсіздік пактісіне қол қоюға қатысты келіспеушілік бар. Карзай әуелде ол пактіге қол қоюға келіскенімен, кейін оны кешеуілдеткен.

Иран "Ауғанстан мен АҚШ арасындағы пакті аймақтағы жағдайға кері әсер етеді" деп қарсылық білдірген еді.
XS
SM
MD
LG