Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Пәкістанға барды


АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель.
АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель.
АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель бүгін Пәкістанға барды. Мұнда ол Пәкістан премьер-министрі Наваз Шарифпен және өзге де ресми тұлғалармен кездеспек.

Пентагонның хабарлауынша, Хейгель Пәкістанда "ортақ қауіп-қатерлерді шешу жайында және көршілес Ауғанстандағы тұрақтылыққа қатысты "ашық және өнімді келіссөздер" жүргізуді көздеп отыр.

Хейгель Пәкістанға бұл елде АҚШ пилотсыз ұшақтарынан жасалатын шабуылдарға деген қарсылық күшейген тұста сапарлап отыр.

Наваз Шариф қазан айының соңында АҚШ президенті Барак Обамамен кездескен еді. 2010 жылы сол кездегі қорғаныс министрі Роберт Гейтстен кейін Пәкістанға Пентагон басшысы бармаған.

Хейгель Пәкістанға сапарына дейін Ауғанстанға барып, ондағы АҚШ әскерилерімен кездескен.
XS
SM
MD
LG