Accessibility links

Путин рақымшылық туралы заң жобасына қол қойды


Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 5 желтоқсан 2013 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 5 желтоқсан 2013 жыл.
Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин рақымшылық жасау туралы заң жобасына қол қойып, мемлекеттік думаға жіберген.

Президент Путин бұған дейін ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмайтынын мәлімдеген еді. Ол рақымшылық "бүгін қылмыс істеп алып, ертең мемлекеттің жазасын кешіруін күтіп отыру үшін" жасалмайтынын айтқан.

Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары рақымшылықпен Greenpeace экологиялық ұйымы мүшелері, Pussy Riot панк-тобының әншілері, бұрынғы олигарх Михаил Ходорковский де босатылуы мүмкін екенін хабарлаған.

Бірақ өткен аптада Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев «ресейліктер ауыр және қоғамға қарсы қылмыс істегендерге, оның ішінде үлкен көлемде қаржы жымқырғандарға қарсы» екенін айтып, Pussy Riot тобы мүшелері мен Ходорковскийдің рақымшылыққа ілікпейтінін ескерткен.

Рақымшылық туралы заң жобасын енді Ресей мемлекеттік думасы мақұлдауы тиіс.
XS
SM
MD
LG